Қоржынымызға төрт жүлде, бір алтын түсті

9 ақпан күні, ІХ қысқы Азия ойындарында 13 медаль жиынтығы (барлығы 39 жүлде) сарапқа салынды. Оның төртеуі біздің елдің қоржынына түсті.
Шорт-трек бәйгелерінен алғаш рет алтын алып, тарихи жетістікке қол жеткіздік. Ерлер арасындағы эстафета бәйгесінде «бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді» деген мәтелдің кері болды...
Көмбеге тіке тартар соңғы бұрылыста, бас бәйгеге таласқан Қытай және Корей жігіттері бір-бірімен қақтығысып, біреуі құлады, ал екіншісі тәлтіректеп кетті. Сол сәтте, екеуінің аңдысын аңдап келе жатқан Әділ Ғалиахметов алға қарай атылып, мәре сызығын бірінші болып қиды.
Бұл жолы Корея жүлдесіз қалып (оларға пенальти берілді), Жапония күміс, ал Қытай қола жүлдеге ие болды. Финалда біздің елдің атынан Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Денис Никиша, Глеб Ивченко төртеуі жүгірді. Абзал Әжғалиев пен Айбек Нәсенге алтын медаль бұйырды.
Ал қыздар арасындағы эстафетада Қазақстан арулары күміс жүлдеге ие болды. Бұл бәйгеде де Қытай және Корея қыздары соқтығысып қалып, оңтүстіккореялықтар құлап, жүлдесіз қайтты.
Біздің елдің намысын Алина Әжғалиева, Малика Ермек, Яна Хан, Ольга Тихонова төртеуі қорғады. Мадина Жанбсынова мен Зейнеп Құмарқан да - күміс жүлдегерлер.
Фристайл-акробатикадан Аяна Жолдас үшінші орынға ие болып, қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ конькимен жүгірушілер арасындағы эстафетада Қазақстан қыздарына қола медаль бұйырды (Надежда Морозова, Кристина Силаева, Дарья Важенина).
Фото - Спорт және дене шынықтыру істері комитеті сайтынан
