Азия ойындарынан – Әлем чемпионатына

Швейцарияда биатлоннан 58-ші Әлем чемпионаты басталып, үш бәйгесі өтіп те кетті. Әзірше Қазақстан биатлоншылары жоғары нәтиже көрсете алмай келеді.
Қазақстан биатлоншылары Харбиндег Азия ойындарынан Әлем чемпионатындағы бастыпқы жарыстарға барып үлгермеді. Әйтсе де, алдын-ала жоспарлағандарындай, аралас эстафетаға басқа спортшыларымыз қатысты.
4х6 аралас эстафетасында Франция құрамасы топ жарып, Қазақстан биатлоншылары 24 команданың ішінде 23-ші орынды қанағат тұтты. Ел намысын Айша Рақышева, Галина Вишневская-Шепоренко, Никита Акимов, Иван Дарин қорғады.
Бұдан кейін әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринт жарысы өтті. Бұл бәйгеде Айша Рақышева 85-ші, Галина Вишневская-Шепоренко 86-шы орындармен шектелді (барлығы – 92 спортшы).
Бүгін кешке ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринт жарысы өтіп, оған Азия ойындарында ел қоржынына жүлде салған жігіттерімз де қатысты.Владислав Киреев 64-ші, Никита Акимов 68-ші, Вадим Куралес 71-ші, Иван Дарин 92-ші орындарға табан тіреді (барлығы – 99).
Әлихан Түсіп