Дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Бакуде үшінші орын алды

Әзірбайжан астанасында дзюдодан «Grand Slam» турнирі өтіп, онда біздің елден бір балуан ғана жүлдеге ілікті.
100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ерасыл Қажыбаев сенім қдесінен шықты. Ол қола жүлде үшін өткен белдесуде грузин Саба Инанейшвилиден басым түсті. Әуелі әзербайжан Джамал Фейзиевтен айласын асырғанымен, жартылай финалда ресейлік Тамерлан Башаевтан ұтылып қалған-тын.
Енді үш жігітіміз 7-орынды қанағат тұтты. Олар – Ислам Тоқтасын (73 келі), Мейіржан Жұмабек (81 келі) және Ислам Бозбаев (100 келі). Жалпы, Бакуде 12 дзюдошымыз белдесті. Қыздарымыз қатысқан жоқ.
Айқын Жаппар
Фото - ijf