«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Қазақстан конькишісі Әлем кубогында топ жарды

Қазақстан конькишісі Әлем кубогында топ жарды

Польшада конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогының бесінші кезеңдік жарыстары өтіп жатыр.

 

Евгений Кошкин 500 метрлік спринтте бірінші орынға ие болып, алтын жүлде еншіледі. Оның уақыты өте жоғары болды – 34,52. Екінші орынды Канада конькишісі Лорен Дюбрель (34,70), ал үшінші орынды Польша спортшысы Марек Каниа (34,76) иеленді.

Ал дәл осы қашықтықта қысқы Азия ойындарының чемпионы болған Қытай спортшысы Т.Гао 10-орынмен шектелді (уақыты – 34,96). Естеріңізге сала кетейік, онда Кошкин жүлделі орынға бір сүйем жетпей, 4-орынмен шектелген.

Енді уақыттарына көңіл бөлейік. 10 ақпан күні Харбинде, қысқы Азия ойындары аясындағы бәйгеде Гао 34,95 с. уақытпен топ жарған-тын. Ал Кошкин 35,152 көрсеткішпен төртінші болған.

Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, он үш күннің ішінде Евгенийдің көрсеткіші адам қызығарлықтай жоғарылаған. Әрі бұл – Қазақстан конькишілерінің көптен күткен алтыны. Соңғы жылдары Әлем кубогы жарыстарында да бірінші орын бұйырмай жүрген...

Әлихан Түсіп

Қолдау көрсеткен