«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Футболдан Қазақстан чемпионаты басталды

Футболдан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін Қазақстан премьер-лигасында, ел чемпионатының жаңа, яғни 2025 жылғы маусымы басталып, үш ойыны өтті.

 

Биылғы ел чемпионатының алғашқы голын Едіге Оралбай соқты. Қазақстан премьер-лигасының бірінші ойыны Атырауда өтіп, жергілікті ұжым «Мұнайшы» стадионында еңселі «Елімай» клубын тізе бүктірді. Есеп – 2:1.

Бұдан кейін Шымкентте «Ордабасы» мен «Ақтөбе» додаға түсіп, бір-бірін «шала» алмады. Есеп те ашылған жоқ – 0:0. Қонақтардың төрт ойыншысы ескерту алып, екі команда төрт ойыншыдан алмастырып, ұпай бөлісті.

Бүгінгі соңғы ойын Қостанайда өтіп, жергілікті «Тобыл» премьер-лигаға биыл ғана қосылағн «Ұлытауды» ұтты. Әр таймда бір голдан соғып, маусымды жеңіспен бастады. «Тобыл-Арена» жанкүйерлерге ыңғайлы да, жағымды болды.

Бірінші турдың қалған төрт ойыны ертең өтеді. «Қайсар» – «Жеңіс», «Тұран» – «Оқжетпес», «Қызыл-Жар» – «Жетісу», «Астана» – «Қайрат» матчтары тартысты өтеді деп күтеміз.

«Атырау» – «Елімай» (Семей) – 2:1 (1:1)

Голдар: Оралбай, 11 (1:0). Мулич, 15 (1:1). Барбоса, 54-пенальтиден (2:1).

«Ордабасы» (Шымкент) – «Ақтөбе» – 0:0

«Тобыл» (Қостанай) – «Ұлытау» (Жезқазған) – 2:0 (1:0)

Голдар: Сигневич, 43. Чесноков, 74.

Айқын Жаппар

Қолдау көрсеткен