«Спорт басылымдары федерациясы» Қоғамдық қоры

Қазақстан футзалшылары Албания құрамасынан басым түсті

Қазақстан футзалшылары Албания құрамасынан басым түсті

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу додасы аясында бесінші ойынын өткізіп, өз жерімізде жеңіске жетті.

 

Астанадағы «Жекпе-Жек» спорт сарайында Албания құрамасын тізе бүктірді. Есеп – 4:2. Бұл – біздің футзалшыларымыздың 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу додасы аясындағы үшінші жеңісі.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака бұл ойында мына жігіттерге сенім артты: Серіков, Қайырбай, Оразов, Тұрсағұлов, Лео – Есенаманов, Дәрібай, Кнауб, Валиуллин, Рашит, Қарменов, Күлбаев, Дерябин, Атантаев.

Өздеріңіз байқап отырғандай, бұл ойынға Дуглас пен Игита қатыса алмады. Еекуі де жарақаттанып қалған. 12 наурыз күні, түзде Армения құрамасымен өтетін шешуші ойынға дейін Дугластың қатарға қосылуы да мүмкін сияқты.

Ал бүгінгі ойынның бірінші жартысында жігіттер өте сауатты ойын үлгісін көрсетті. Қорғаныста сақ ойнап, шабуылда ширақ қимылдады. Сөйтіп үш гол соқты. Ал екінші таймда сәл босаңсып кеткендей болды. Матч соңында тіпті жеңісті еспепті уыстан шығармау ғана мақсат тұтылғандай.

Бүгін Дамир Қайырбай 7-минутта есеп ашып, бұдан кейін екі рет Лео мергендік танытты (7-минуттың соңы және 17-минутта). Ал екінші таймда Шыңғыс Есенаманов (26-минутта) алыстан теуіп, қонақтарды қапы қалдырды.

Бүгін түнде 6-шы іріктеу тобындағы маңызды матчтардың бірі өтіп, Дания және Армения футзалшылары додаға түседі. Ал біз үшін шешуші ойын – жоғарыда жазғанымыздай, 12 наурызда, яғни бес күнен кейін Ереванда.

Қолдау көрсеткен